Пәкістанда муссондық жаңбырдан туындаған су тасқынынан қаза тапқандардың саны 1136 адамға жетті.
ВВС-дің хабарлауынша, Хайбер-Пахтунхвада провинциясында су тасқыны қаупі әлі де сақталуда. Табиғи апат салдарынан 33 миллионнан астам адам зардап шеккен, бұл ел халқының 15 пайыздан астамы.
Толассыз жауған жаңбыр жолдарды, егінді, үйлерді, көпірлерді және басқа да инфрақұрылымдарды шайып кеткен.
Жазғы жаңбыр соңғы онжылдықта тіркелген ең қуатты жауын болған. Үкіметбасшылығы бұл жағдайды климаттың өзгеруімен байланыстырады.
Пәкістанның Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто-Зардаридің айтуынша, қаза тапқандардың үштен бірі балалар.
Пәкістанның жоспарлау министрі елде болған жойқын су тасқыны кем дегенде 10 миллиард доллар (8,5 миллиард фунт стерлинг) шығын жеткіізгенін айтқан.
Дүйсенбі күні бөлек Пәкістан Халықаралық валюта қорынан (ХВҚ) 1,1 миллиард долларлық көмек алды.
АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ және басқалар апатты жоюға үлес қосты, бірақ шенеуніктер көбірек қаражат қажет керектігін мәлімдеген.