French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістандағы су тасқынынан 330-дан астам адам қаза тапты
15:14 / 2022-07-27

Пәкістанда соңғы бірнеше күнде болған қатты су тасқынынан 330-дан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

Пәкістанның Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбіден бері елде су тасқынынан кемінде 35 адам қаза тауып, жалпы қаза тапқандар саны 337-ге жетті.

Business Recorder басылымының ақпаратына сай, табиғи апат 8,6 мыңнан астам үйге зақым келтірген және оның 3,3 мыңға жуығы толығымен қираған. Жүздеген адам баспанасыз қалды. Сондай-ақ, 50 көпір мен жалпы ұзындығы 650 шақырымды құрайтын жолдарды тасқын су шайып кеткен.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Белуджистан провинциясы. Онда 104 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланған. 580 шақырым жол қираған.