French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістандағы қақтығыста 145 содырдың көзі жойылды
10:55 / 2026-02-03

Пәкістанның қауіпсіздік күштері Белуджистан провинциясында болған ауқымды қарулы шабуылдардан кейін басталған 40 сағатқа созылған қақтығыс барысында 145 содырдың жойылғанын мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, провинция аумағында бір мезгілде болған атыстар мен жарылыстар салдарынан шамамен 50 адам қаза тапқан. Құрбандардың басым бөлігі — бейбіт тұрғындар.

Ресми деректерге сәйкес, шабуыл жасағандар қарапайым азамат кейпіне еніп, аурухана, мектеп, базар және банк ғимараттарына басып кіріп, бейберекет оқ атқан. Елдің ішкі істер министрінің орынбасары Талал Чаудридің айтуынша, содырлар бейбіт тұрғындарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланған. Шабуылдар үшін жауапкершілікті «Белудж азаттық армиясы» (BLA) өз мойнына алған.

Белуджистан провинциясының бас министрі Сарфраз Бугти шабуылдар салдарынан 17 құқық қорғау қызметкері мен 31 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді. Әскери күштер сенбі күні 92, жұма күні 41 содырдың жойылғанын растады.

Әскери өкілдер қалалар мен стратегиялық маңызы бар нысандардың бақылауға алынуына жол берілмегенін атап өтті. Ресми Исламабад шабуылдардың артында Үндістанның қолдауы бар деп мәлімдегенімен, Дели бұл айыптауларды қатаң түрде жоққа шығарды. Ал АҚШ аталған шабуылдарды террорлық әрекет ретінде айыптап, Пәкістанмен ынтымақтастығын білдірді.