Пәкістандағы лаңкестік әрекеттен алты адам зардап шекті
Пәкістанның батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан алты адам, оның ішінде үш бала зардап шекті.
Пешавардағы мектептердің бірінің маңындағы жол жиегіне жарылғыш зат қойылған. Жауаптылар зардап шеккен балалардың 7-10 жаста екенін, екеуінің жағдайы ауыр екенін айтады.
Жарылыс толқыны көптеген көліктер мен ғимараттарды зақымдады.
Хабарда айтылуынша, төрт келі жарылғыш зат қолданған қылмыскерлерді ұстау операциясы басталған.
Жалпы, жыл басынан бері Хайбер-Пахтунхва және Белуджистан провинцияларында лаңкестіктің ауқымы артты.
Исламабад бұл процесті пәкістандық тәліптер қозғалысы Ауғанстаннан басқарып отыр деп есептейді. Ресми Кабул тағылған айыпты жоққа шығарады.