Пәкістанда зілзала кезінде 216 тұтқын түрмеден қашып кетті
Пәкістанның Карачи қаласындағы Малир түрмесінде орын алған төтенше жағдайдан 216 тұтқын қашып кетті.
Алынған мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісіне байланысты жүргізілген эвакуация барысында 600-ден астам тұтқын түрме ауласынан шығарылған. Сол сәттегі тәртіпсіздік пен дүрбелең кезінде тұтқындардың бір бөлігі түрменің бас қақпасы арқылы қашып шыққан.
Тәртіп сақшылары 80-ге жуық қашқынды қайта ұстауға қол жеткізді. Қалғандарына іздеу жарияланып, олардың жүрген жерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдануда.
Оқиға салдарынан төрт қызметкер жарақат алып, бір тұтқынның қаза тапқаны хабарланды.