French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістанда жазғы су тасқыны салдарынан 900-ден астам адам қаза тапты
15:12 / 2022-08-25

Пәкістанда биыл жаз мезгілінде муссондық жаңбыр салдарынан болған су тасқыны кезінде 903 адам қаза тапты.

CNN арнасының хабарлауынша, табиғи апапт салдарынан құрбан болғандардың 326-сы балалар.

Бұдан бөлек мыңдаған адамдар баспанасыз қалып, байланыс желілері үзілген.

Жергілікті билік мәліметінше, табиғи апат салдарынан елде 3 мың шақырымға жуық жол мен 129 көпір қирап, 500 мыңнан астам мал қырылған. 

Осы қайғылы жағдайға байланысты шығынның салдарын жою үшін Пәкістан үкіметі халықаралық гуманитарлық көмек сұрағаны айтылады хабарда.

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының мәліметінше, маусым айының ортасынан бері Пәкістанда 2,3 миллион адам су тасқынынан зардап шекті және 95 мыңнан астам үй бүлінген.