Пәкістанда жанкешті сот ғимаратының алдында өзін жарып жіберді
Пәкістан астанасы Исламабадта болған жанкештілік шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.
Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Нақви мәлімдеуінше, террорист алдымен астана сотының ғимаратына кіруге әрекеттенген, бірақ «бұған қол жеткізе алмай, ғимараттың автотұрағында тұрған полиция көлігіне шабуыл жасаған». Нәтижесінде жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 12:39 шамасында болған.
Нақвидің айтуынша, Премьер-министр Шахбаз Шариф жараланғандарға шұғыл және сапалы медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ террористің кім екенін мүмкіндігінше тез анықтауды тапсырған.
Жарылыстан кейін сот ғимаратындағы адамдар эвакуацияланған.