Пәкістанда жанкешті шабуылы салдарынан 11 адам қаза тапты
Пәкістанның Белуджистан провинциясында жанкешті-террорист саяси митинг кезінде өзін жарып жіберді.
France Press агенттігінің хабарлауынша, оқиға нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды.
Оқиға сейсенбі күні кешке Белуджистан ұлттық партиясының жүздеген мүшесі жиналған Кветта қаласындағы стадион аумағында, автотұрақта орын алған.
Деректерге қарағанда, 1 қаңтардан бері қарулы топтар ұйымдастырған зорлық-зомбылық салдарынан Белуджистан мен көрші Хайбер-Пахтунхва провинцияларында 430-дан астам адам, негізінен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қаза тапқан.