Пәкістанда Тік-Токқа тыйым салынды
Қытайдың «ByteDance» компаниясына тиісті қысқа видео-таспалар жүктеуге арналған Тік-Ток қосымшасына Пәкістанда тыйым салынды.
Елдің телекоммуникация департаментінің өкілі Хуррам Мехронның мәлімдеуінше, сот Пәкістан телекоммуникация басқармасынан Тік-Ток әлеуметтік желісін бұғаттауды сұраған. Ал департамент сот өтінішін қанағаттандыратынын жеткізген.
Пәкістанда өткен жылдың қазан айында TikTok-қа тыйым салынды, бірақ компания жергілікті заңдарға сәйкес аккаунттарды модернизация жасауға уәде бергеннен кейін тыйым алынып тасталған болатын.