Пәкістанда теракт болып, 9 полицей қаза тапты
Пәкістанның оңтүстік-батысында жанкешті өзін жарып жіберді.
Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, оқиға Белуджистан провинциясының орталығы Кветтадан шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан Сиби қаласына жақын жерде болған. Биліктің мәліметінше, жанкешті мотоциклмен келе жатып, полиция жүк көлігіне соғылған.
Жарылыс нәтижесінде қауіпсіздік қызметінің кемінде тоғыз қызметкері қаза тауып, тағы 16 адам жарақат алған.
Дерекке сәйкес, полиция бір аптаға созылған ірі мал көрмесінен қайтып келе жатқан болып, онда олар көрмеде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.
Қазіргі уақытта жарылыс үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алмағаны айтылады хабарламада.