Пәкістанда су тасқынынан 1700-ге жуық адам қаза тапты
Маусым айының ортасынан бері Пәкістанда биылғы маусымдағы муссондық жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандардың жалпы саны 1695-ке жетті.
Пәкістанның Табиғи апаттарды басқару ұлттық басқармасының (NDMA) хабарлауынша, табиғи апат салдарынан тағы 12865 адам жарақат алған.
NDMA есебіне сәйкес, жаңбыр немесе су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың арасында 630 бала мен 340 әйел бар.
Сонымен қатар, Пәкістанның әртүрлі аймақтарында 2 045 349 үй қирап, 1 162 122 бас мал қырылған.
Су тасқынынан 84 округ пен 33 046 329 адам зардап шекті. Жауын-шашын маусымы басталғалы бері 13 254,49 шақырым жол мен 440 көпір зақымданған.
Қазргі уақытта NDMA, басқа да мемлекеттік органдар, еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдар су тасқынынан зардап шеккен аудандарда құтқару және көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде.