Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістанда су тасқыны мен лай көшкінінен 25 адам қаза тапты
15:02 / 2022-07-06

Пәкістанның Белуджистан провинциясының Кветта қаласында маусымдық Муссон жаңбыры салдарынан болған су тасқыны мен қирау құрбандарының саны 25 адамға жетті.

Провинциялық Табиғи апаттарды басқару басқармасының (PDMA) бас директоры Насир Ахмад Насардың айтуынша Кветта ауданында 300-ден астам балшықпен қапталған үйлер зақымдалған. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар, өйткені бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Табиғи апат салдарынан билік бұл елде төтенше жағдай жариялады.

Су тасқыны мен жел электр желілерін үзіп, қала мен оның маңындағы аудандардың тұрғындары электр жарығынсыз қалған.

PDMA мәліметінше, муссондық жаңбыр провинцияның әртүрлі аудандарында бейсенбіге дейін жалғасады деп күтілуде.