Пәкістанда пойыздардың соқтығысуы салдарынан 30 адам қаза тапты
Пәкістанның оңтүстігінде орын тепкен Синд провинциясының Готки қаласында екі пойыз соқтығысып, 30 адам қаза тапты.
Пәкістанның оңтүстігінде орын тепкен Синд провинциясының Готки қаласында екі пойыз соқтығысып, 30 адам қаза тапты.Samaa TV-ның хабарлауынша, апат Готки қаласындағы екі теміржол станциясының арасында болған. Полиция өкілі Осман Абдулланың айтуынша, бір пойыз рельстен шығып кеткен екінші пойызға соғылған. Ол бірнеше адам пойыздардың астында қалып қойғанын айтады.
Қазіргі кезде оқиға орнына құтқарушылар мен полиция жетіп, жараланғандар ауруханаға жеткізілуде. Соқтығысудың неден болғаны белгісіз. Апат болған аймақта пойыздар қозғалысы тоқтатылған.