Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістанда күшті жер сілкінісі болып, 15 адам қаза тапты
09:43 / 2021-10-07

Пәкістанның оңтүстігіндегі Белуджистан провинциясында 7 қазан, бейсенбіге қараған түні 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Апаттан кем дегенде 15 адам құрбан болған.

AFP-тің хабарлауынша, тіркелген жер асты дүмпулерінің эпицентрі шамамен 733 мың тұрғыны бар Кветта қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 км жерде орналасқан болып, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орын алған.

Жергілікті басылымдар таратқан ақпаратқа қарағанда, 300-ден астам адам жараланған. Провинцияның Төтенше жағдайларды жою басқармасының дерегінше, өлім саны бұдан да көп болуы мүмкін.