Пәкістанда банкте жарылыс болып, 10-нан астам адам қаза тапты
Пәкістанның Карачи қаласындағы банкте жарылыс болып, 14 адам қаза тапты.
Express Tribune басылымының хабарынша, оқиға салдарынан тағы 12 адам жарақат алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс кәріз жүйесінде газдың жиналуынан болған. Қазіргі кезде оқиғаның нақты себебі анықталуда, лаңкестік әрекеттің де болуы ықтимал, делінген хабарламада.