Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістан және Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
11:01 / 2022-02-11

2022 жыл 10 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайши телефон арқылы сөйлесті.

СІМ дерегінше, сұхбат барысында тараптар саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Өзбекстан - Пәкістан стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен оны кеңейту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан арасында 2022 жылғы 5 ақпанда Бейжің қаласындағы кездесуінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысыда қаралды.

Дипломаттар жоғары деңгейде өтетін алдағы уақыттағы іс-шаралардың кестесі туралы пікір алмасты.