Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Хан 15 шілдеде ресми сапармен Ташкентке келді.
Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Айта кету керек, бұл Имран Ханның Өзбекстанға жасаған алғашқы ресми сапары.
2021 жылдың 14 сәуірінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Пәкістан Премьер-Министрі Имран Ханмен бейнеконференция түрінде кездесу өткізген еді.
[gallery-3112]
Саммитте көпжақты Өзбекстан – Пәкістан серіктестігінің өзекті мәселелері, соның ішінде сындарлы саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастық, аймақтық алмасуды кеңейту мәселелері талқыланды.
Пәкістан премьер-министрінің сапары екі елдің серіктестігін жаңа деңгейге шығарудағы тағы бір маңызды қадам болады деп күтілуде.
Сапардың негізгі іс-шаралары Куксарай резиденциясында өтеді.
Пәкістан лидері Өзбекстанға жасаған сапары аясында Ташкентте өтетін Өзбекстан-Пәкістан іскерлік форумынан бөлек, «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыс. Қауіптер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысып, Самарқанд пен Бұхараға баруы жоспарланған.