Пәкістан офицері Ауғанстанмен шекаралас аймақта қайтыс болды
Пәкістан армиясының офицері Ауғанстанмен шекаралас орналасқан Солтүстік Вазиристан аймағында бомба қойылған автокөлік жарылысынан қаза тапты.
The Express Tribune басылымының Пәкістан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай хабарлаған ақпаратында, минаның жарылуы салдарынан бір офицер қаза тауып, екі сарбаз жараланған. Осы жағдайдан кейін сол аймақта барлау операциясы кезінде бір содыр өлтірілілген.
Оқиға салдарынан жараланған сарбаздар Хуздардағы медициналық мекемеге эвакуацияланды, делінген хабарламада.