English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістан мен Өзбекстан арасында мультимодальды жүк тасымалы дамытылады
11:25 / 2023-07-11

Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамов Пәкістанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ахмад Фарукпен кездесті.

Министрлік дерегінше, тараптар көлік саласы бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемін арттыру мақсатында тараптар Ауғанстан аумағы арқылы мультимодальды тасымалдауды дамыту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Ташкент-Лахор бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру, «Термиз-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» темір жолын салу жөнінде пікір алмасылды, делінген хабарламада.