Пәкістан мен Үндістан 18 мамырға дейін бейбітшілік режимін ұзартты
Ядролық қауіп-қатерлерге қарамастан, Үндістан мен Пәкістан тараптар тыныштық режимін тағы бірнеше күнге созу жөнінде келісімге келді.
Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхақ Дар елдің әскери құрылымдары үнді тарапымен оқ атуды тоқтату режимін 18 мамырға дейін ұзарту жөнінде уағдаласқанын хабарлады.
— Бүгін біз келіссөздер жүргіздік, нәтижесінде атысты тоқтату 18 мамырға дейін өз күшінде қалады, — деді Дар.
Сонымен қатар, 15 мамыр күні Пәкістан Сыртқы істер министрлігі Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатх Сингхтің Халықаралық атом энергетикасы агенттігін (МАГАТЭ) Пәкістанның ядролық қаруын бақылауға алу жөніндегі үндеуіне байланысты өз ұстанымын білдірді.
Пәкістан СІМ МАГАТЭ мен халықаралық қауымдастықты Үндістандағы ядролық және радиоактивті материалдардың ұрлануы мен заңсыз тасымалына байланысты мәліметтерге назар аударуға шақырды.