Біріккен Ұлттар Ұйымы қоршаудағы Газада аштықты ресми растағаннан кейін, Пәкістан секторға 100 тонна азық-түлік жөнелтті.
Анадолу агенттігінің хабарлауынша, Премьер-министр Шахбаз Шарифтің тапсырмасымен Лахор қаласынан ұн, дайын тағам, сарымай, тосап және жемістерден тұратын көмек топтамасы әзірленіп, жолданған. Бұл Ислам Республикасы тарапынан секторға жіберілген 19-шы көмек керуені болып, жалпы жеткізілген көлем 1915 тоннаға жетті.
Қазіргі уақытта әскери қимылдар мен гуманитарлық көмек ағымының қатты шектелуі салдарынан аймақ аштықпен қатар су, дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен гигиеналық құралдардың тапшылығынан сипатталатын гуманитарлық апатты бастан кешіп отыр.
Өкінішке қарай, әсіресе балалар арасында аштықтан өлім жағдайлары артып барады. Жергілікті және халықаралық ұйымдар басқыншылардың «аштық пен шөлді қару ретінде» пайдаланып отырғанын атап өтуде.
15 тамызда жарияланған есеп бойынша Газадағы аштықтың апат деңгейіне жеткені нақты деректермен расталды.
– «22 айлық аяусыз соғыстан кейін сектордағы жарты миллионнан астам адам аштық, кедейшілік және өліммен бетпе-бет келіп отырған қасіретті жағдайда қалды», – делінген құжатта.