Пәкістан елдегі әскери база АҚШ-қа берілмейтінін мәлімдеді
Пәкістан елдегі әскери базаларын Ауғанстаннан шығарып жатқан Америка Құрама Штаттарына беруден бас тартты.
Елдің сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши: «Оларды базалармен қамтамасыз ету туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Біз өз мүддемізді ескеруіміз керек», - деді ол «The New York» газетінде Вашингтон мен Исламабад әскери базаларды АҚШ арнайы күштеріне беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деген хабарламаға түсініктеме беріп.
2021 жыл 1 мамырда Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан өз әскерлерін ресми түрде шығара бастады. Байденнің жаңа әкімшілігі АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы әскери қатысуын 11 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отыр.