Пәкістан Ауғанстанмен ең үлкен шекара бекетін ашты
Пәкістан Ауғанстанмен шекарадағы ең үлкен «Торхам» өткізу бекетін ашты.
Dawn-ның хабарлауынша, «Торхам» өткізу бекеті Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы негізгі болып саналатын ең көп жүретін пункт. Өткізу бекеті жексенбі күні Талибан шекаралық нысанды өз тарапынан бақылауға алғаннан кейін жабылды. Пәкістан ішкі істер министрі шейх Рашид Ахмедтің сөзінше, Ауғанстан полициясы Талибанға бағынғаннан кейін шекара жабылған.
Басылымның мәліметінше, шекара адамдар мен көліктердің қозғалысы үшін ашық. Ашылғаннан бері 720 -ден астам жүк көлігі шекара бекетінен Пәкістанға және олжақтан өткендер бар, деген кеденшілер.