Пәкістан ауған жер сілкінісінен зардап шеккендерге медициналық лагерь ашты
Кабулдағы Пәкістан елшілігі Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Хоста әуежайында медициналық лагерь ашылғанын хабарлады.
«Медициналық лагерь Хайбер-Пахтунхва билігінің қолдауымен құрылды, жарақат алғандарды емдеу және ауыр науқастарды Пәкістан ауруханаларына жіберу үшін оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігімен 19 дәрігер келді», - деген Пәкістан елшісі Мансур Ахмад Хан сенбі күні әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Пәкістан ауған жерінде жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа көмек ретінде 8 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек (отбасылық шатыр, брезент, көрпе, түрлі дәрі-дәрмек қоры) жіберген болатын.