Pfizer вакцинасын Швейцарияда қолдануға рұқсат берілді
Швейцарияның фармацевтикалық нарықты қадағалау басқармасы Pfizer және BioNTech өндірген коронавирустық вакцинаны елде қолдануға рұқсат етті.
«Swissmedic» порталының хабарлауынша, Pfizer вакцинасы Швейцарияда қолдануға тіркелген және мақұлданған алғашқы вакцина.
Швейцарияның терапевтік заттарды реттеу агенттігінің мәліметі бойынша, вакцинаның екінші инъекциясынан кейін жеті күн өткен соң ағзадағы қорғаныс деңгейі 90 пайыздан асады, делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer және BioNTech әзірлеген коронавирустық вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Бахрейн, Мексика және Канадада қолдануға рұқсат етілген. Pfizer және BioNTech вакцинаны ЕО-да тіркеуге өтініш берді. Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинация 27 желтоқсанда басталатынын мәлімдеді.