Pfizer Үндістанға 70 млн долларлық медициналық көмек көрсетпек
Американдық Pfizer компаниясы Үндістанға 70 млн долларға дәрі-дәрмек топтамасынан ұралған көмек қорын жібермек
Компания басшысы Альберт Бурла бір күн бұрын Твиттердегі видео үндеуінде Үндістан халқы COVID-19 пандемиясының ең ауыр зардаптарының біріне айналған гуманитарлық дағдарысқа тап болғаны жайлы айтып: «Елдегі ауруханалардағы науқастар шұғыл көмекке зәру. Сондықтан біз компаниясы Pfizer тарихындағы ең ірі гуманитарлық науқанды бастадық», - деген.
Компания Үндістанға коронавирустық науқастарды емдеу үшін қажетті 70 млн долларлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. Pfizer бұл қор бүкіл елдегі ауруханалардағы барлық COVID-19 науқастарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін кем дегенде 90 күн ішінде жеткілікті болады деп есептейді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Үндістанда коронавирустық аурулар саны 20,3 миллион кісіге жеткен.