Pfizer-дің коронавирусқа қарсы жаңа таблеткасы 89 пайыз тиімділік көрсетті
Клиникалық сынақтардың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша компания Paxlovid препаратының жоғары тиімділігін жариялады. Pfizer компаниясы препараттың коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін аурудың асқынуы немесе өлім қаупін 89% төмендеткенін көрсетті.
Америкалық Pfizer компаниясы Paxlovid деп аталатын коронавирусқа қарсы жаңа препараттың клиникалық сынақтарының екінші кезеңін аяқтады. Бұл туралы фармацевтикалық алпауыттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Талдау симптомдар басталғаннан кейін үш күн ішінде плацебо қабылдаған науқастармен салыстырғанда, кез келген себеппен COVID-19 салдарынан ауруханаға жатқызу немесе өлім қаупінің 89% төмендегенін көрсетті», - делінген хабарламада.
Компания дерегінше, таблетка түріндегі препарат қабылдаған сынақтарға қатысушылар арасында бірде-бір өлім тіркелмеген.