Pfizer/BioNTech вакцинасының келесі партиясы әкелінді
COVAX бағдарламасы аясында Өзбекстанға Pfizer/BioNTech вакцинасының 1 999 530 дозалы кезекті партиясы жеткізілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикадағы вакцинациялау процесінде қолданылатын вакцинаның жалпы көлемі 61 268 553 дозаны құрауда.
Жалпы елде қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы 7 препарат тіркеуден өткен. Олардың үлесі мынадай:
- 1 341 790 доза - Спутник V,
- 2 404 480 доза - AstraZeneca,
- 41 966 268 доза - ZF-UZ-VAC2001,
- 8 580 460 доза - Moderna,
- 4 626 180 доза - Pfizer/BioNTech,
- 1 976 000 доза - Sinovac.
- 343 375 доза - Sputnik Light вакцинасы.
Бүгінге дейін республикада жалпы 46,9 млн доза вакцина қолданылған. Қазіргі кезде республикада коронавирус инфекциясына қарсы 14 275 449 доза вакцина қоры бар.