Американдық трансұлттық фармацевтикалық Pfizer компаниясының акциялары 22 жыл ішінде алғаш рет рекордтық деңгейге көтерілді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күнгі сессияда акция 4,9 пайызға көтеріліп, 48,57 долларға жеткен. Pfizer-дің бұған дейінгі күндік жоғары шыңы 1999 жылдың 12 сәуірінде 47,44 долларды құраған.
Бұл пайыздық мөлшерлеме Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы туралы оң мәліметтерді жариялаған 9 қарашадан бергі акциялардың бір күндік ең үлкен өсімі болды.
Өз кезегінде Moderna акциялары 4 пайызға төмендеді, бірақ олар шілде айының ортасынан бері компания акциялары S&P 500 негізгі индексіне қосылғанан бастап 78 пайзға өскен.
Pfizer вакцинасының серіктесі Германияның BioNTech компаниясының акциялары сейсенбіде 5 пайыздан астамға төмендеген, бірақ ол осы айда шамамен 30 пайызға өсті.
Бұған дейін Pfizer мен Moderna COVID вакциналарына бағаны көтерген болатын. Pfizer препаратының бағасы ширек пайызға өсірген болса, ал Moderna 10 пайызға қымбаттаған. Еуропалық Одақ вакцинаны жаңа бағада алуға келіскен.