Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Перзидент соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
19:22 / 2020-05-09

Мемлекет басшысы шараға келген соғыс және еңбек ардагерлерінің әрқайсысымен амандасып, жағдай туралы сұрады


Бүгін Ташкенттегі Жеңіс саябағындағы амфитеатрда 9 мамыр – Өткендерді еске алу және қадірлеу күніне арналған мерекелік шара өтіп, онда соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әскери қызметшілер қатысты.

Айтулы күнге орай ұйымдастырылған шарада Президент Шавкат Мирзияев сөз сөйлеп барлық ардагерлерді және барша халқымызды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Мемлекет басшысы шараға келген соғыс және еңбек ардагерлерінің әрқайсысымен амандасып, жағдай туралы сұрады. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ал, ардагерлер елдің бейбітшілігі мен өркендеуі үшін дұға жасады.