French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Перзидент Әлішер Науаи кесенесінің реконструкциялық жөндеу жобасымен танысты
23:39 / 2021-05-31

31 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев туризм, қалалық инфрақұрылым, индустрия саласындағы жобалардың таныстырылымымен және Әлішер Науаи кесенесін жөндеу және қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Жобалардың бірі - Шыршық өзені бойында түрлі инфрақұрылым нысандарының құрылысы болып, онда өзеннің Ташкент қаласы арқылы өтетін бөлігі 16 шақырымды құрайды. Жобаның сызбасына орай өзен арнасы қысқарып, жағалаулары көріктендіріледі. Оның орнына ашық алаңдарда заманауи тұрғын үйлер, демалыс, өндіріс және қызмет көрсету нысандарын салу көзделген.

Тағы бір маңызды жоба - Ташкент халықаралық әуежайынан қала орталығына дейінгі көпірді кеңейту. Қазіргі эстакада 1967 жылы салынған. Ташкенттің дамуы мен көліктер санының артуынан оны қайта құру қажеттілігі туындауда. Сондықтан осы көпірдің Кіші айналма жолмен қиылысында айналма жол салу жоспарланған. Оның ұзындығы 650 метр, ені 30 метр болады.

Бұл көлік құралдарының көпірге шығу мен түсуін жеңілдетеді және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұндағы қолайлық жақын маңдағы көшелерге де әсер етіп, кептелісті азаяды.

Бүгінгі презентация аясында жоғарыдағы жобалардан бөлек, Мемлекет басшысына Ташкенттегі Технопаркте жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар таныстырылды.

Атап айтқанда, осы облыста жылына 1 млн дана кір жуғыш машина, 15 мың тонна мыс құбыр, 3 мың өндірістік су жылытқыш, 75 мың коммерциялық тоңазытқыш пен мұздатқыштар, 1 млн шаршы метр HPL-панельдер мен полиизоцианурат қапталған сэндвич-панельдер, 30 мың тонна базальт тасынан оқшаулау өнімдерін шығаратын өндіріс орындарын құру жоспарланған.

Осы жобалар негізінде жылдың аяғына дейін 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысы таныстырылымда ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаи кесенесін жөндеу және қалпына келтіру, оның айналасын көркейту жобасына ерекше назар аударды.

Ауғанстанның Герат қаласында Әлішер Науаи кесенесін салу және көріктендіру мүмкіндігін зерттеу міндеті Президенттің 2020 жылғы 19 қазандағы «Ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаидың 580 жылдығын мерекелеу туралы» Жарлығында айтылған еді. 

Осы тапсырма аясында ел мамандары ауғандық әріптестерімен бірге кесенені сол жерде зерттеп,  нәтижесінде дәстүрлі сәулет, өнер және безендіру элементтерін қолдана отырып, кесенені жөндеу және қалпына келтіру бойынша жоба жасалды.

Бүгін ұсынылған жоба бойынша кесененің кіреберісі мен қалған дәліздері хазірет Науаидың даналық сөздері жазылған кітап түрінде белгіленіп, сәндік орындықтар орнатылады.

Кесене кіре берісінде сегіз қырлы мешіт бой көтеріп, аула бөлігінің сол және оң жағында жабық стильде террассалар салынады. Кесененің сыртқы көрінісі түрлі оюлармен безендірілмек және аумағы көгалдандырылатын болады.

Мемлекет басшысы атаулы жобалармен танысып, жауаптыларға жобаны сапалы жүзеге асыруды тапсырды.