Перудегі президенттік сайлауда Педро Кастилло ең көп дауыс алды
Перудегі президенттік сайлауда солшыл «Азат Перу» партиясының өкілі Педро Кастилло 100 пайыздық дауыс есептеу нәтижесінде 50,25% дауыс жинап, сайлауда жеңіп шықты.
El Comercio ақпаратына сәйкес, 8,8 миллион адам Кастиллоға дауыс берген. Халықтық билік партиясының бұрынғы президенті Альберто Фуджиморидің қызы Кейко Фухимори 49,9 пайыз дауыс алды. Ол Кастильодан 44 мың дауыс артта қалды.
Енді билік үміткерлердің сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы шағымдарын қарайтын болады. Сонда ғана сайлау нәтижелері ресми түрде расталады.