Перуде туристер мінген автобус шатқалға құлап, 4 адам көз жұмды
Перуде туристер мінген автобус таулы жолда жүз метр биіктіктен шатқалға құлап, 4 адам көз жұмды.
Euronews мәліметінше, қаза тапқан туристердің екеуі Колумбиядан келген. Қалған екі құрбанның кім екені қазірге белгісіз. Апат салдарынан 16 шетел азаматы жарақат алған.
Жараланғандар арасында төрт француз, екі грек, екі израильдік, екі канадалық, екі аргентиналық, екі перуандық, бір голландиялық және бір испандық бар.
Туристер ежелгі Инка қаласы Мачу-Пикчу қирандыларын аралап сапардан қайтып келе жатқанда осы оқиғаға тап болған.
Полиция апатқа көрінудің нашарлығы мен ауа-райының қолайсыздығы себеп болды деп есептейді.