Перуде табиғи апат салдарынан 12 адам қаза тапты
Перудың Коронель-Портильо уезіндегі Ипария өзен порты жағасында болған көшкін салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 30 адам із-түзсіз жоғалды.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан тағы алты адам ауыр жарақат алды.
Хабарда атылуынша, оқиға жергілікті уақытпен таңғы шамамен 5:00-де болған. Табиғи апат нәтижесінде екі жолаушы кемесін суға батып кеткен.
Жараланғандар дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, ал оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.