Перуда туристер ұшағы апатқа ұшырады
Перуде 4 ақпан, жұма күні Наска үстіртінде шағын ұшақтың құлауы салдарынан жеті адам қаза тапты.
El Comercio газетасының хабарлауынша, Жеңіл моторлы Cessna ұшағы Наска үстіртінде геоглифтердің үстінен ұшып бара жатып аэродромға қарай бет алғанда апатқа ұшыраған.
Ұшақ бортында бес турист пен екі ұшқыш болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар АҚШ, Чили және Нидерланды елдерінен келген. Қазірше апаттың себептері белгісіз.
Наска үстіртіндегі геоглифтердің үстінен ұшулар Перуге келетін туристер арасында өте танымал. 1994 жылы геоглифтерді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Дүниежүзілік мұра нысаны деп жариялаған.