Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Перуда коронавирустың бразилиялық штаммы анықталды
13:54 / 2021-02-05

Бразилиялық саяхатшылардан анықталған коронавирустың жаңа түрі Перудің үш аймағында тіркелді.

Перу денсаулық сақтау министрі Пилар Массетти «Ұлттық денсаулық сақтау институттары ... біздің елде - Лоретода (солтүстік-шығыста), Уанукода (солтүстікте) және Лимада (орталықта) індеттің бразилиялық штаммы табылғанын растады», - деген ол конгрессте.

Оның айтуынша елдегі COVID-19 індетінің екінші толқыны біріншіге қарағанда күшті екенін айтқан. «Төрт аптаның ішінде бізде пандемияның алғашқы екі айына тең инфекция жұқтырғандар тіркелген», - деген Пилар Массетти.

Соңғы дерекке сай, Перуде 1 158 337 адам індет жұқтырып, 41,5 мың кісі көз жұмған.