Перу әуежайы наразылықтарға байланысты жұмысын тоқтатты
Перудің Куско әуежайы наразылықтарға байланысты жұмысын тоқтатты.
«Министрлік профилактикалық мақсатта Кускодағы Алехандро Веласко халықаралық әуежайының жұмысын тоқтататынын хабарлайды. Бұл шара адамдардың денсаулығын сақтау және әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдануда», - делінген елдің Көлік және коммуникация министрлігінің Twitter-дегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде.
RPP радиостанциясының хабарлауынша, әуежай маңында полиция мен үкіметке қарсы шерулерге қатысушылар арасында қақтығыс болған. Шерушілер ғимаратқа басып кіруге әрекеттенген. Тәртіп сақшылары тәртіпсіздіктерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған. Радиостанцияның хабарлауынша, кем дегенде бір адам зардап шеккен.