Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Перу конгресі ел президентіне импичмент жариялау туралы қарар қабылдауды қолдамады
09:37 / 2022-03-29

Перу конгресінің (бір палаталы парламент) депутаттары дүйсенбі күні президент Педро Кастильоға импичмент жариялау туралы қарар қабылдауды қолдамады.

Заң шығарушы органның сайтында, бастаманы қабылдауға 55 депутат дауыс берсе, 54-і қарсы, 19-ы қалыс қалған. Осылайша, ұсыныс мақұлдауға қажетті жалпы дауыс санының үштен екісі (87) жиалмағаны көрсетілген.

Импичмент мәселесі ақпан айында конгреске конституциялық айыптау жөніндегі парламенттік кіші комитеттің тоғыз мүшесінің өтініші бойынша шығарылған. Оған Кастильоның сұхбатында көршілес Боливияға Тынық мұхитына шығу мүмкіндігі туралы мәлімдемесі себеп болды.

Перу басшысының айтуынша, Перудің саяси билігі атқарушы биліктің жұмысына әдейі кедергі келтіріп, президенттік институттың өзіне күмән келтіруге тырысуда. Саясаткердің айтуынша, ол халықты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп сендіруге тырысқан БАҚ пен саяси ортаның құрбанына айналған.