Перлуиджи Коллина футбол тарихындағы ең үздік төреші
Бұрынғы итальяндық төреші Перлуиджи Коллина «France Football» нұсқасы бойынша футбол тарихындағы ең үздік төреші атанды.
«Әңгіме төрешілер жайлы айтылғанда, бірінші болып ол еске түседі. Коллина футболдағы төрешілік мансабын 1977 жылы бастап, 2005 жылы зейнетке шыққанға дейін футболда өз тарихын жазып кетті», - деп жазады «France Football» басылымы.
Перлуиджи Коллина 2002 және 1998/1999 жылдары Чемпиондар лигасының финалын басқарған. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Халықаралық футбол статистикасы және тарихы орталығы (IFFHS) оны жылдың үздік төрешісі деп атады.
Коллина 2016 жылы ФИФА төрешілер комитетінің басшысы болып тағайындалды және ол осы уақытқа дейін сол лауазымда жұмысын жағастыруда.
Тарихтағы үздік төрешілер тізімінде 2-орын англиялық Кен Астон және 3-орын француздық Мишель Вотроға нәсіп еткен.