French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пентагонға алғаш рет афроамерикалық азамат жетекшісі болды
00:20 / 2021-01-23

АҚШ қорғаныс министрлігі лауазымына алғаш рет афроамерикалық азамат тағайындалды.

АҚШ Сенаты 2016 жылда отставкаға шыққан Ллойд Остинді Құрама Штаттардың 46 президенті Джозеф Байденнің ұсынысына орай Пентагонға басшы етіп бекітті. Ол соңғы рет Ирақтағы АҚШ әскерлерінің соңғы командирі қызметін атқарған.

Вэст-Пойнт әскери академиясының түлегі Ллойд Остин Германиядағы жаяу әскерлер взвод командирінен АҚШ армиясының орталық қолбасшылығына дейінгі қызметтерде болып, 2016 жылда отставкаға шыққан. 

АҚШ заңына сәйкес, Пентагон басшылығына әскери үміткер жеті жыл бұрын зейнетке шыққан болуы керек. Әйтпеген күнде, оған заң шығарушылардың арнайы рұқсаты қажет болады. Дәл осы арнайы рұқсат оған берілген. Құрама Штаттардың бұл шектеуі әскери күштің билікке келмеуін қамтамасыз ету үшін енгізілген.