Пентагон Сауд Арабиясына 200 әскер мен Патриот қуат көздерін жібереді
Қосымшат ретінде Патриот зымрандарының қуат көздері мен 4 радар жеткізуін мәлімдеген.
АҚШ әскери күштері Сауд Арабиясына әуе күштерінен туындайтын қауіптерге қарсы 200-ге жуық қосымша әскер жіберуді жоспарлап отыр.
Оған қосымшат ретінде Патриот зымрандарының қуат көздері мен 4 радар жеткізуін мәлімдеген.
АҚШ қорғаныс күштерінің мұндай шешімге келуіне, 14-ші қыркүйекте Сауд Арабиясындағы Saudi Aramco мұнай компаниясына тиесілі мұнай өңдеу зауыттарына дрондардың шабуылы себеп болған. Дрондардың шабуылы нәтижесінде 2 мұнай базасында күшті өрт шыққан. Бұл Сауд Арабиясында мұнай өндірудің екі есеге - тәулігіне 5,7 млн баррельге азаюына әкеп соқты.
Осы жағдайдан кейін Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығысқа қосымша күштерді жіберуді мақұлдағанын мәлімдеген.