English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пентагон Румыния, Польша және Германияға қосымша күштер жіберілетінін хабарлады
09:55 / 2022-02-03

АҚШ жақын арада Румыния, Польша және Германияға қосымша әскер жіберетінін жариялады.

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирбидің мәлімдеуінше, күштер «уақытша» жіберіледі және бұл шешім «ағымдағы жағдайға жауап» ретінде қабылданған.

Оның айтуынша, Еуропадағы одақтастарды қолдау үшін күштер жіберу қажет.

«Бұл күштер Украинада соғыспайды. Олар НАТО-дағы одақтастарымызды қорғауды қамтамасыз етеді », - деген Пентагон өкілі.