Пенсильвания штатында тұрғын үй өртеніп, он адам қаза тапты
АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Нескопек қаласында екі қабатты тұрғын үй өртеніп, он адам қаза тапты.
Полицияның хабарлауынша, оқиға құрбандары бір отбасының мүшесі болып, олардың арасында үш бала бар, ең кішісі бес жаста. Қайтыс болғандардың ең үлкенінің жасы 79-да болған.
Үш адам өртеніп жатқан үйден аман шығарылған.
Хабарламаға сай өртке оранған үй толығымен жанып кеткен. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.