Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пелоси Өкілдер палатасының Демократиялық жетекшісі қызметінен кетеді
09:53 / 2022-11-18

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси бейсенбі күні Демократиялық партияның көшбасшысы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Н.Пелоси: «Мен келесі Конгрессте демократтарды басқаруға қайта сайлануға ұмтылмаймын. Мен құрметтейтін Демократиялық партияны басқаратын жаңа ұрпаққа өкілеттік беру уақыты келді», - деген.

Америкалық БАҚ болжамы бойынша, аралық сайлау қорытындысы бойынша төменгі палатаны сейсенбі күні спикерлікке қазіргі азшылық көшбасшысы Кевин Маккартиді ұсынған республикашылдар бақылайтын болады. Бұл ретте Сенаттағы көпшілік демократтарда қалады.

Dpa агенттігінің хабарлауынша, Пелоси парламент депутаты болып қала береді.

82 жастағы Нэнси Пелоси Америка Құрама Штаттары Өкілдер палатасының спикері ретінде АҚШ-та президент пен вице-президенттен кейінгі үшінші маңызды лауазымға ие. 2007 жылы ол бұл лауазымды атқарған елдегі алғашқы әйел болды.