French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пеле: Мбаппе менің мұрагерім болалады
18:55 / 2021-03-06

Әлем футболының королі ретінде сипатталатын Пеле болашақта оның орнын «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжам жасады.

- Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны байыпты түрде айтып тұрмын. Оның жылдамдыққа негізделген ойыны көп нәрсені дәлелдейді. Ол тез ойлайтын және лезде шешім қабылдайтын шабуылшы. Доп өзіне келгенде не істеу керектігін, қалай ойнауды біледі. Бұл бүгінгі футболдағы маңызды сипаттамалар», - деп айтқан Пеле «Marca » басылымы хабарында.

Мбаппе ПСЖ-да 2017 жылдан бері ойнап келеді. 22 жастағы шабуылшы осы маусымда ел чемпионатында 23 кездесуде 18 гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Еуропа Чемпиондар лигасында ол алты ойында бес гол соғып, үш нәтижелі пас берген.