Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пекин-2022 Олимпиада ойындарының алауы таныстырылды
11:55 / 2021-02-05

Пекин-2022 қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары алдағы жарыстың алауын таныстырды.

Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылда өтетін қысқы ойындар Олимпиадасының алауы қытайлық Sinopec компаниясы тарапынан көміртекті талшықтан жасалған, салмағы жеңіл және жоғары температураға төзімді. Олимпиада символының бұл көрінісі спираль түрінде төменнен жоғары көтерілген екі лентаға ұқсас болып, бірі қызыл, екіншісі күміс түстес. 

Дереккөздегі ақпаратқа сай «күміс және қызыл түстер мұз бен оттың кездесуін білдіреді». Алауда Пекин-2022 нышаны және Олимпиадалық сақиналар, бұлт және қар ұлпасы бейнеленген.

Паралимпиадалық ойындар үшін де осыған ұқсас алаудың дизайны жасалған, бірақ ол қызыл және алтын түстес. 25 қаңтарда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ХОК төрағасы Томас Бахпен телефон арқылы сөйлескен кезде пандемия туындаған қиындықтарға қарамастан, Қытай үкіметі 2022 ойындарын өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Еске салар болсақ, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжің қаласында 2022 жылдың 4 - 20 ақпан аралығында өтеді.