«Пахтакор» Өзбекстан кубогының иегері атанды
Әндіжан қаласындағы «Бабыр Арена» стадионында футболдан Өзбекстан кубогының финалдық кездесуі өтті. Онда «Бұхара» мен «Пахтакор» клубтары өзара бақ сынады.
Кездесудің алғашқы бөлімінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда «Пахтакор» футболшылары ойын тізгінін өз қолына алып, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голдың авторы – Хожимат Эркинов.

Осылайша, ел астанасының басты командасы «Пахтакор» 2025 жылғы Өзбекстан кубогының жеңімпазы атанып, келесі жылы Азия чемпиондар лигасы–2 турнирінде ел намысын қорғайтын болды. Айта кетсек, «Пахтакордың» бұл турнирдегі жеңіс саны 14-ке жетті.
«Бабур Арена» стадионында өткен финалдық ойынды 6814 жанкүйер тамашалады.