Патрик Виейра «Кристал Пэлас» клубына бас бапкер болды
Франция құрамасында 1998 жылғы Әлем чемпионы атанған Патрик Виейра ағылшындық «Кристал Пэлас» клубына бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлады Лондон футбол клубының ресми сайты.
Клуб пен 45 жастағы маман арасындағы келісім 2024 жылдың жазына дейін жасалған.
Футбол мансабын аяқтағаннан кейін Виейра ағылшындық «Манчестер Сити» клубында жұмыс істеді, ал бапкерлік мансабын 2016 жылы американдық «Нью-Йорк Ситиде» бас бапкер ретінде бастап, 2018 жылдан 2020 жылға дейін француздық маман «Ницца» клубын басқарды.