Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парламеттік комиссия Қарақалпақстандағы жағдай бойынша зерттеу жүргізуде
19:59 / 2022-07-19

2022 жылдың шілде айының басында Қарақалпақстан Республикасында орын алған жағдайды зерттеу жөніндегі комиссия мүшелері зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында топтарға бөлінген зерттеулер жүргізілуде. Әр топтың қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар құжатталуда. Соның ішінде аудио, фото және бейне құралдарының көмегімен жазылады.

Омбудсмен ақпарат қызметінің хабарлауынша, комиссия мүшелері алдымен Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы Қарақалпақстан Республикасы орталық ауруханасы филиалында емделіп жатқан науқастармен әңгімелесіп, адам құқықтарына, бостандықтарына және орын алған оқиғалардағы заңды мүдделерге байланысты жағдайларды зерттеді.

Сонымен қатар Солтүстік-Батыс әскери округінің әскери госпиталінде және Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери госпитальда емделіп жатқан әскери қызметшілер және ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлерімен сұхбаттасты. Әңгімелесу барысында наразылық білдірушілер мен әскери қызметкерлердің тәртібі зерттелді.

Бұдан бөлек, комиссия мүшелері Қарақалпақстан Республикасы сот-медициналық сараптама орталығына барып, оқиғаларға қатысты барлық қажетті материалдармен танысты.

Комиссия мүшелерінің зерттеу жұмыстары жалғасуда.