Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парламеттік комиссия 15 тәулік әкімшілік жаза өтелетін мекемеге барды
16:41 / 2022-07-29

Парламеттік комиссия мүшелерi Қарақалпақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі және Қоғамдық тәртіпті сақтау басқармасының Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдау мекемесіне барды.

Сенаттың хабарлауынша, шеру болған күні арнайы қабылдау орнына да шабуыл жасалып, соның салдарынан қақпа, қабырғалар мен ғимарат зақымданған.

Сапар барысында арнайы қабылдау мекемесінде адамдардың тұруы, тамақтануы, медициналық қызмет көрсетуі, мәдени демалысына арналған жағдай тексерілді. Ұсталған азаматтармен сұхбат жүргізілді.

Мұнда жеке қабылдау бөлмелері (камералар) және басқа да нысандар бейнебақылау құрылғыларымен толық жабдықталған. Мониторинг барысында комиссия мүшелеріне республика бойынша бақылау бейнелері бір жүйеге бекітілгені және суреттерді жою мүмкін еместігі туралы ақпарат берілген.

Қарақалпақстандағы жағдай мен оқиғаларды зерттеу бойынша жасақталған комиссия мүшелері Қарақалпақстандағы үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен де кездеу өткізген.